Диагностиканы іске қосу және оның нәтижелерін жүктеу

Қашықтағы құрылғыда бағдарламаның диагностикасын іске қосу және оның нәтижелерін жүктеу үшін:

  1. Қашықтан диагностикалау утилитасын іске қосыңыз және "Қашықтан диагностикалау утилитасын клиент құрылғысына қосу" бөлімінде сипатталғандай қажетті құрылғыға қосылыңыз.
  2. Құрылғы нысандары шежіресінде қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
  3. Диагностиканы іске қосу үшін қашықтан диагностикалау утилитасы терезесінің сол жағындағы Диагностиканы іске қосу сілтемесі бойынша өтіңіз.

    Нәтижесінде, нысандар шежіресінде таңдалған бағдарламаның түйінінде диагностикалық есеп пайда болады.

  4. Нысандар шежіресінде қалыптасқан диагностикалық есепті таңдап, оны Жүктеп алу қалтасы сілтемесі бойынша жүктеп алыңыз.

Таңдалған есеп терезенің төменгі жағында көрсетілген орналасқан жерге жүктеледі.

Басына оралу